LGP Kazakhstan / БАСТЫ БЕТ

БАСТЫ БЕТ

БАСТЫ БЕТ

ЕУРОПА МЕН ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ТЕРЕЗЕСІ

100-ден астам заңгер мен кәсіпқойлардың командасы бар LANSKY, GANZGER + partner (LGP) адвокаттық бюросы Орталық Еуропаның ірі халықаралық адвокаттық бюросының бірі болып саналады. LGP-ның Венада, Братиславада және Нұр-Сұлтанда кеңселері бар. Біздің команда көптеген тілде сөйлей алады және Еуропалық Одақ, ТМД елдері және Батыс Балқан елдерінің (Оңтүстік-Шығыс Еуропа) нарығына шығуға ниет білдірген кәсіпорындарға көмек көрсету үшін экономика, құқықтану және жекелеген елдердің ерекшелігін білу саласындағы өзінің кәсіби тәжірибесін пайдаланады. Команда мүшелері осы аймақтармен 1990-шы жылдардан бастап жұмыс істейді, бұл біздің клиенттеріміз бен олардың халықаралық қызметі үшін жеке және прагматикалық заңды шешімдер табуына мүмкіндік береді.  

ҮШ ХАБ – БІР МІНДЕТ

LGP Нұр-Сұлтан (Қазақстан) – бұл Венадағы бас кеңсесі бар біздің адвокаттық бюроның халықаралық құрылымының басты буыны: біз Орталық Еуропа болсын, ТМД немесе Азия елдерінде көпір салудамыз, нарықтарды байланыстырамыз және жаңа мүмкіндіктер жасаймыз. Біз клиенттердің жеке қажеттіліктерін барынша ескереміз және Еуропа мен ТМД елдерінен тыс шығатын біздің халықаралық байланыс желімізді пайдаланамыз. Осылайша, біз клиенттерімізге бірнеше юрисдикциялардың қиылысында қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік береміз.

БІЗДІҢ АЗИЯДАҒЫ АЛАҢЫМЫЗ

Екі онжылдықта ТМД елдері және Қазақстанмен табысты іскерлік қарым-қатынастардан кейін, LGP Нұр-Сұлтан қаласында өз кеңсесін ашты. Біз Қазақстандық заңгерлерімізбен бірге, «сол жерде» заң консультациясын ұсынамыз. Сонымен қатар, Вена кеңсесіндегі біздің заңгер-тіл иелері мен аудармашылар командасы ресурстарды тиімді пайдалану және сапаны бақылауды қамтамасыз етеді.